Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 шешімі
(2019.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелері құрылсын, қосымшаға сәйкес.
2. «Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 25 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4276 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.В. Мамыкин
«___»_________2019 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2019.24.09. № 30 шешімімен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 01 шешіміне
қосымша
Петропавл қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№ 571 сайлау учаскесі
Орталығы - «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Петр Ефимович Рыжов атындағы көше, 51, телефон 53-89-96
Шекараларына мына үйлер енеді:
1-і Карьерный қысқа көшесі: 1, 2, 2А, 3, 3А, 4, 4А, 5, 6, 7, 8, 9, 9Д, 9Е, 10, 10А, 11, 11А, 11Б, 12, 13, 13А, 13Б, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 23;