(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI шешімі

(2021.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); Түркістан облыстық мәслихатының 2021.19.03. № 3/22-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.18.06. № 7/58-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.09. № 9/84-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.09.11. № 12/114-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 983 888 069 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер – 36 144 376 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 10 548 407 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 215 675 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 936 979 611 мың теңге;

2) шығындар – 1 019 033 468 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 30 973 187 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 51 827 016 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 20 853 829 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 70 258 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 233 036 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері – 162 778 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – - 66 188 844 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 66 188 844 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.