Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы
(2016.25.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2016.25.02. № 36 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 247 (28186) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған).
3. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасы
А.Байменов
2014 жылғы 27 маусым
Бас Прокурорының
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 40 бұйрығымен бекітілген