«Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығы (2026.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығы

(2026.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суаратын суды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Су ресурстары және ирригация

министрінің м.а.

 

 

Е. Ибрайханов

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрінің м.а.

2025 жылғы 29 мамырдағы

№ 101-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Суаратын суды пайдалану

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Суаратын суды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және суару суын пайдалану тәртібін айқындайды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025.22.08. № 210-НҚ бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026.03.07. № 199-НҚ бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

1) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - иеленушілер арасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу шегі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.