«Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 Қаулысы (2025.21.04. берілген өзгерістермен)

«Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 Қаулысы

(2025.21.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2025.08.04. № 215 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономиясы) бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2021 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 996 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл»

жобалардың сыныптамасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2024.27.03. № 232 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономия) (бұдан әрі - таксономия) Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландырылатын және қазіргі табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға келеңсіз әсер деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған, осы таксономияға қосымшада келтірілген «жасыл» жобалар санаттарын (сандық және сапалық шекті мәндерді қоса алғанда) сыныптау жүйесін білдіреді.

2. Таксономия мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) таксономияның негізгі санаттарын көздейтін 1-деңгей;

2) негізгі санаттар шеңберінде «жасыл» жобалар секторын көздейтін 2-деңгей;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.