Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қажы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Айтжанова Ж.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушысының 2006 жылғы 28 маусымдағы № 227 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4297 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 тамызда № 142 (948) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Жәмішев |
Қаржы министрінің
2009 жылғы 19 наурыздағы
№ 115 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесі
Осы Ереже «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.