«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 353 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Қ. Ерғалиев |
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 353 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 325 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау
жөніндегі комиссияның құрамы
| Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, комиссия төрағасы; |
| Әділова Ляззат Әділқызы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары; |