Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 301-Ө бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 150-Ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 633 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрық қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясаты басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 301-Ө бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің