«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 87 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімінде:
2-бөлімде. «Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларғақолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі»:
жолы:
«
| 2710 19 510 1,2710 19 510 94 - 2710 19 550 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 2710 19 510 1,2710 19 510 9 - 2710 19 550 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.