«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 66 бұйрығы

 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 66 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды.

Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды.

ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде жүргізіледі.

ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.