«Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/58 бұйрығы (2026.06.01. берілген өзгерістермен)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/58 бұйрығы

(2026.06.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.15.12. № 346-Ө бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

2015 жылғы 13 ақпан

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 қаңтардағы

№ 18-02/58 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар

әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын

талаптар

 

1. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады.

Жоспар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.