Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 94 бұйрығы
(2024.24.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне осы бұйрықты:
1) салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін;
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің міндетін атқарушысы 2022 жылғы 25 мамырдағы № 224 «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға жатады.