(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛ...

Предыдущая страница

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Нотариустар уәкілетті органға жеке тұлғалар бойынша мынадай:

1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік бойынша мәмілелер мен шарттар;

2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер;

3) осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шарттарды қоспағанда, егер мәміледе (шартта) көзделген бағасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен асатын жағдайда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелелер мен шарттар;

4) жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз шарттары;

5) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге де шарттар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

14-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы - жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы қолда бар мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

15-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15-1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

16-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

17-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.

18-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

18. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, білім беруге арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.

19-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

19. Денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар жұмсаған, медицинаға арналған шығыстарды растау туралы салық органының талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында айқындалған тәртіппен ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша салық органдарына ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-2. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-4. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-5. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган шаруашылық бойынша есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 19-6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-6. Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар бойынша және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері туралы, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар бойынша және олардың мөлшері туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының автоматтандырылған өзара іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтылымды пайдаланыла отырып, электрондық нысанда ұсыну уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төленетін төлемдер салынатын (алынатын) объектілер) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметтерін қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді.

21. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны шығарушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.

22. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы есепті орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 23-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

23. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 24-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

24. Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар үшінші тұлғаларға ұсынылған көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады.

Салық органдары бұл мәліметтерді осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 25-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

25. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасауға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді уәкілетті орган инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша ұсынуға міндетті.

2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 26-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, осындай мәліметтерді ұсынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.

2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 27-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

27. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес ұсынады.

2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен 28-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

28. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешендердің салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялануын қамтамасыз етуге міндетті.

Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін салық органының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тәртібін, тізбесін және нысанын уәкілетті орган айқындайды.

 

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер:

1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді және жеке немесе заңды тұлға және бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:

1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға және кастодиандар, инвестициялық портфельді басқарушылар арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

3. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:

1) бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;

2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы жасалған сақтандыру шарттарына қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

 

28-бап. Коллекторлық агенттіктердің және тауарлармен электрондық саудаға байланысты қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің міндеттері

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.03. № 213-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 21 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Коллекторлық агенттіктер құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі, сондай-ақ коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

2. Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

3. Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

 

29-бап. Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, жекелеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, жұмсау кезіндегі міндеттері

1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:

1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

коммерциялық мақсаттарда жүргізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізу мен әлеуметтанушылық сауал жүргізуді қоспағанда, қоғамдық пікірге сауал жүргізуді, әлеуметтанушылық сауал жүргізуді зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;

2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынуға міндетті.

Осы тармақта көзделген талаптар:

1) мемлекеттік мекемелерге;

2) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттарына, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

4) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;

5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

6) жеке практикамен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық органдарының осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу тәртібін, көрсетілген мәліметтер мен орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға қосу және одан алып тастау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

30-бап. Салықтық құпия

1. Мынадай:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы;