2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
Медициналық (əскери-дəрігерлік) комиссия əскери қызметке жарамсыз деп танып, əскери есептен алып тасталған азаматтар əскери есепке қабылданбайды.
Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.
5. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
6. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімімен мынадай құрамда тіркеу комиссиясы құрылады:
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті əскери басқару органының өкілі;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі; мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссияның төрағасы;
хатшы.
Аудандық (қалалық) тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, осы жұмысты жүргізу және қамтамасыз ету тәртібі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының (әкімнің) шешімімен жыл сайын бекітіледі.
Азаматтарды əскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.
17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Жергілікті әскери басқару органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.
6. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті.
7. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
9. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы уəкілетті орган жергілікті əскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мəліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
18-бап. Әскери қызметтің мазмұны
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) əскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттарымен докторанттарының, əскери интерндерінің əскери қызметі жəне оқуы жатады.
2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады.
3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.
Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.
Әскери кафедралардың студенттері оқу-жаттығу жиындарынан өту кезеңінде әскери ант қабылдайды.
5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.
19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы.
Әскери атақтар
1. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:
1) сарбаздар (матростар);
2) сержанттар (старшиналар);
3) офицерлер құрамына бөлінеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мынадай әскери атақтар белгiленедi: