(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШИКІ МҰНАЙДЫ ЖӘНЕ ГАЗ КОНДЕНСАТЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ АҚП...

Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығы

(2022.18.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

ҚР Энергетика министрінің 2022.01.04. № 122 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.

2. «Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10828 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.