Сайлау учаскелерін құру туралы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 шешімі
(2023.17.01. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 66 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Сайлау учаскелері осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Риддер қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімнің көшірмесін ресми жариялауға Риддер қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланған соң Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Д. Горьковой |
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
Р. Дюсебаева
2020 жыл
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2022.28.12. № 2 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің
2020 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1 шешіміне қосымша
Риддер қаласының сайлау учаскелерінің шекаралары
№ 122 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Риддер қаласы, Индустриальная көшесі, 15, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 9 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Сокольная көшесі - № 1, 21, 24, 25, 26, 28, 37, 39, 54, 64 үйлері;
Октябрьская көшесі - № 3, 19 үйлері;