2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешімі
(2024.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024.03.04. № 153 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.04. № 170 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.18.07. № 189 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.08. № 203 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.31.10. № 221 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 146 801 421,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 102 235 678,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 970 954 мың теңге;
трансферттер түсімі - 41 666 885 мың теңге;
2) шығындар - 177 446 740,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 344 321 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 868 670 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 31 147 701,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 31 147 701,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 21 692 849 мың теңге;