Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 214 бұйрығы
(2016.04.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 3-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.