Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы
(2023.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;
2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-ы күніне қарай Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.