Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 41-225 шешімі
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Алматы облыстық мәслихатының
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 41-225 шешіміне қосымша
Алматы облысында ортақ су пайдалану
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 171-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) айқындайды және жеке тұлғалардың Алматы облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
5. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыруы үшін:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.