Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 21 шешiмi
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешiмiмен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-банына сәйкес, VII сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1067 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ә. Жүдебаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы | С. Канкуров |
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 21 шешіміне қосымша
V сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XXVІІ сессиясының
2014 жылғы 2 маусымдағы
№ 232 шешіміне қосымша
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету
Ережесі