(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ (ИМПОРТТАУШЫЛАРДЫҢ) КЕҢЕЙТІЛГЕН МІНД...

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 Қаулысы

(2020.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылған редакция

 

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2020.20.06. № 377 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 28 қаулысымен бекітілген

 

 

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.