«2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 143-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

«2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет

туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 20 194 797 994 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 12 674 497 409 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 1 443 392 658 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6 130 221 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 6 070 777 706 мың теңге;

2) шығындар - 23 478 302 653 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 337 477 575 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 591 804 497 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 254 326 922 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 49 929 694 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -3 670 911 928 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 638 834 829 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,9 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 670 911 928 мың теңге.»;

«8-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 3 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;

2) 14-баптың бірінші бөлігінде:

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;»;

10) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«11-1) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

11-2) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына);»;

«16-1) мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;»;

3) 19 және 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған резерві 567 301 402 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

«22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2024 жылы 1 300 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;

4) көрсетілген Заңға 1, 4 және 7-қосымшалар осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті

 

            Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 13 желтоқсан

                     № 143-VІІІ ҚРЗ

 

 «2024 - 2026 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы»

2024 жылғы 13 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 143-VIII ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2024 - 2026 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2023 жылғы 5 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 43-VIII ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2024 жылға арналған республикалық бюджет