«Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 Қаулысы
(2021.22.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 108 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7236 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 1 қарашада № 159 (1975) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы | Қ. Келімбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр Б. Сұлтанов
2014 жылғы 15 тамызда
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 137 қаулысымен
бекітілген
«Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу»
33 бухгалтерлік есеп стандарты
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.14.10. № 172 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019.14.10. № 172 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)