«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелерге тиесіліліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 4-2/959 бұйрығы (күші жойылды)

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелерге тиесіліліктің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 4-2/959 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрығымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелерге тиесіліліктің заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 9 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 29 қазандағы

№ 4-2/959 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау
саласындағы мемлекеттік мекемелерге тиесіліліктің
заттай нормалары

1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына сынау жүргізуге
арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының
тиесілілік нормалары

Кешенді мемлекеттік сорт сынау учаскесі
(дәнді масақ, дәнді бұршақты, майлы, жемшөптік) және
мемлекеттік сорт сынау станциялары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.