«Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау саласындағы мемлекеттік мекемеге тиесіліліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрығы

Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау саласындағы мемлекеттік мекемеге тиесіліліктің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 127 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау саласындағы мемлекеттік мекемеге тиесіліліктің заттай нормалары бекітілсін.

2. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелерге тиесіліліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 4-2/959 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12820 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

2025 жылғы 28 сәуірдегі

№ 127 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау саласындағы мемлекеттік мекемеге тиесіліліктің

заттай нормалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.