Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы
(2024.08.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.13.04. № 35 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.30.03. № 40 бұйрығымен (2023 ж. 16 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 8-тармағына және 230-бабына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшаларына және 27-бабының 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.19.12. № 95 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021.15.06. № 62 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.30.03. № 40 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;