(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ...

«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 Қаулысы

(2025.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 «Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

2, 3 және 6-тармақтар алынып тасталсын.

3. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

С. Шәпкенов

 

Атырау облысы әкімдігінің

2023 жылғы 18 шілдедегі

№ 130 қаулысына қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2023 жылғы «18» шілдедегі

№ 130 қаулысымен бекітілген

 

 

«Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

 

1. Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті дамыту және негізгі бағыттарды қолдау, сауда, өнеркәсіп, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестицияларды тарту және әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы мониторингін жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.