«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 261 Қаулысы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14-6) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының атауы «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып өзгертілсін.
2. Қоғам Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі болып айдындалсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.