Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығы
(2016.18.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.03. № 139 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 198-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.03. № 139 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.