«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-5/187 Қаулысы (күші жойылды)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-5/187 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/41 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № А-11/533 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5165 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындауын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.

3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

С. Кулагин

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2016 жылғы 21 сәуірдегі

№ А-5/187 қаулысына

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.