(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтің барлық салаларында дербес болады және оқыту, зерттеу және шығармашылық еркіндігі қағидаттарын басшылыққа алады.

3. Медициналық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарттары мыналар болып табылады:

1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) дәрігерлерді даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында интеграцияланған медициналық (жоғары медициналық білім беру, интернатура) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура) бағдарламаларын іске асыру;

3) білім алушыларды клиникалық базаларда даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлер тарту;

4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық саласындағы ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру.

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары, санитариялық-эпидемиологиялық практика базалары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-практикалық базалары болып табылады.

Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды, ғылыми- практикалық базаларда оқытуға арналған шығыстарды есептеу әдістемесін, білім беру ұйымы мен ғылыми-практикалық база арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға, сондай-ақ клиникалық базаларға, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университеттік ауруханаларға, резидентура базаларына қойылатын талаптарға сәйкестігін тану мақсатында клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары осы Кодекстің 25-бабының 2-тармағында белгіленген аккредиттеу рәсіміне жатады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының орнықты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарымен және медициналық ұйымдарымен білім беру, ғылыми, клиникалық қызмет саласында шарттар жасасуға құқығы бар.

Медициналық білім беру мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

6. Уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары бірлестіктерінің денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін:

1) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалар, нұсқаулар мен ұсынымдар әзірлеуге;

2) уәкілетті орган қалыптастыратын консультативтік-кеңесші және сараптама органдарында, жұмыс топтарында денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін білдіруге құқығы бар.

 

221-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің ерекшеліктері

1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын, қоғамдық денсаулық мамандарын және өзге де мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды уәкілетті орган бекітеді және олар оқу жүктемесінің көлеміне (кредиттер санына) және түлектің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайды.

Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының жалпы білім беретін және базалық пәндер циклдерінің оқу жүктемесі көлемі мен мазмұнын уәкілетті орган айқындайды.

Кемінде 120 кредитті көздейтін «Мейіргер ісі» мамандығын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базалық пәндерінің көлемі кемінде 140 кредитті құрауға тиіс.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің білім беру бағдарламалары ғылыми-зерттеу қызметі мен клиникалық ойлау дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге тиіс.

Білім беру бағдарламаларының тізбесі денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу тәртібі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін оларға сараптамалық қорытынды береді.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Дәрігер кадрларды даярлау жоғары медициналық білім беру мен интернатураны қамтитын интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Интернатурада оқу кезеңіндегі интерн-дәрігерлерді және резидентурада оқу кезеңіндегі резидент-дәрігерлерді қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал медициналық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты да денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыруға негіз болып табылады.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім беру резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды.

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық жəне ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген медициналық ұйымдар базасында жүзеге асырады. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін уəкілетті орган бекітеді.

 Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім беруді білім беру және ғылым ұйымдары, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен кәсіптік өзін-өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады.

Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді және медицина қызметкерлеріне формальды емес білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, университеттік ауруханалардың базасында жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібін, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау бес жылда бір реттен сиретпей жүргізілуге тиіс. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары ғылыми-педагог кадрлардың педагогикалық, зерттеу және кәсіптік құзыреттілігін тұрақты арттыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекет жүз пайыз қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының жəне олардың еншілес ұйымдарының медицина, ғылыми жəне педагог кадрларының мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен біліктілігін арттыруға құқығы бар.

 

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 221-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

221-1-бап. Интернатура

1. Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары интернатура бағдарламаларын іске асыруды клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда жүзеге асырады.

Интернатура тәлімгерлердің жетекшілік етуімен өткізіледі және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және аудандық деңгейдегі өңірлерде немесе моноқалаларда орналасқан медициналық ұйымдарда дербес клиникалық практикаға рұқсат алу үшін, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандықтар бойынша жұмысқа жіберу үшін кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Интернатура бағдарламалары медициналық мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау нысанында іске асырылады, олардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

2. Клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда медициналық қызметтер ұсынуға интерн-дәрігерді тарту үшін уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысан бойынша оқыту туралы шарт жасалады, ол жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, денсаулық сақтау ұйымы және интерн-дәрігер арасында жасалады.

Интернатурада оқыту интерн-дәрігерге клиникалық базаларда, санитариялық-эпидемиологиялық практика базаларында, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларында және университеттік ауруханаларда жұмыс орнын беруді көздейді.

Оқу кезеңінде интерн-дәрігерге ғылыми-практикалық базаның еңбек тәртіптемесі қағидалары, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру талаптары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады.

3. Интернатураны аяқтағаннан кейін «дәрігер» біліктілігі берілетін санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды қоспағанда, интернатурада оқыту - жоғары медициналық білім беру бағдарламасын бітірген және «дәрігер» біліктілігін алған адамдарды дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты.

Интернатурадағы оқуды аяқтағаннан кейін кәсіптік даярлық бағалауынан өткен түлекке мамандық беріле отырып, мемлекеттік үлгідегі құжат тапсырылады.

4. Тәлімгерлердің жетекшілік етуімен кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде интерн-дәрігерлердің құпиялылық, дербес деректер мен медициналық құпияны қорғау талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқу және клиникалық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық цифрлық жүйелеріне қол жеткізуге құқығы бар.

 

222-бап. Резидентура

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Резидентура бағдарламаларын іске асыруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының аккредиттелген клиникаларында, университеттік ауруханаларда, сондай-ақ резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады. Резидентура бағдарламалары тізбесін уәкілетті орган бекітетін медициналық мамандықтар бойынша іске асырылады.

Резидентура медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тәлімгердің жетекшілік етуімен тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алуға немесе өзгертуге бағытталған.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптарға сәйкес резидентураның білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

Резидентураның білім беру бағдарламаларының тізбесі денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.

3. Кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында резидентурада білім алушы адам формальды білім беруді оқуда бұрын қол жеткізген нәтижелерінің танылуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және түлектердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары дербес әзірлеген қысқартылған білім беру бағдарламаларына сәйкес бағдарламаны меңгереді.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Резидентурадағы даярлық резидент-дәрігерлерді медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсынуда өзін қатыстыруға тарта отырып, теория мен клиникалық практиканы интеграциялау және тәлімгердің жетекшілік етуімен пациенттерге көмек көрсету жөніндегі қызмет үшін жауаптылық негізінде жүзеге асырылады. Даярлық процесінде дағдыларды, білім мен тәжірибені меңгеруіне қарай резидент-дәрігердің тәуелсіз жауаптылығының өспелі дәрежесі қамтамасыз етіледі.

Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Резидент-дәрігерді оқытудың және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тартудың құқықтық негізі мыналар болып табылады:

1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының резидентурасы базасында - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, резидентура базасы және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт;

2) резидентура базалары ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында - ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты және резидент-дәрігер арасында жасалатын оқыту туралы шарт.

Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Резидентурада оқыту резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, сондай-ақ ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институтының тең жауапкершілігі жағдайында резидент-дәрігерге жұмыс орнын беруді көздейді.

Оқу кезеңінде резидент-дәрігерге резидентура базасының, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының еңбек тәртіптемесі қағидалары, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру талаптары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын бітірген азаматтарды дербес клиникалық практикаға жіберудің шарты болып табылады.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

7. Тәлімгерлердің жетекшілік етуімен ғылыми-практикалық базаларда кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде резидент-дәрігерлердің құпиялылық, дербес деректер мен медициналық құпияны қорғау талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқу және клиникалық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық цифрлық жүйелеріне қол жеткізуге құқығы бар.

 

223-бап. Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды, түлектерді және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалау

1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын және түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау:

1) тиісті мамандықтың білім беру бағдарламалары түлектерінің құзыретіне қойылатын талаптарға;

2) біліктіліктердің салалық шеңберіне және кәсіптік стандартқа негізделеді.

2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқудың нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

3. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың түпкі нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қорытынды аттестаттау (мемлекеттік емтихан), қорытынды бақылау құрылымына кіреді. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларының түлектерін қорытынды аттестаттаудың (мемлекеттік емтиханның), қорытынды бақылаудың оң нәтижелері білім туралы құжатты және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға құқық береді.

4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау кәсіптік стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2026.12.06. № 309-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларына және түлектердің, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалау жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.

Базалық пәндерді оқу қорытындысы бойынша білім алушылар білім мен дағдыларды бағалаудан өтеді.

Білім мен дағдыларды бағалау кезінде шекті балл жинамаған білім алушылар оқудан шығарылуға жатады.

6. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.

 

224-бап. Қазақстан Республикасы медицина қызметкерінің кәсіптік анты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы медицина қызметкерінің кәсіптік антын қабылдайды:

«Медицина қызметкерінің мәртебелі атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында адам денсаулығын сақтау жолындағы ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, медициналық көмекке мұқтаж әрбір адамға бірдей ынта-жігермен және шыдамдылықпен көмек көрсетуге ант етемін. Медицина қызметкері құпиясын сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдымды ұдайы жетілдіріп отыруға, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені медициналық өнерге баулыған адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін».

 

 

26-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

 

225-бап. Ғылыми қызметтің субъектілері

1. Биомедициналық зерттеулерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектілері болып табылады.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

Денсаулық сақтау ұйымына ғылыми орталық және ғылыми-зерттеу институты мәртебесін уәкілетті орган береді. Уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымының ғылыми орталық және ғылыми-зерттеу институты мәртебесін сақтап қалуы туралы шешімді ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігін бағалау нәтижелері бойынша қабылдайды.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау тәртібін, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу тәртібін ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектілері биомедициналық зерттеулерді халықаралық деңгейде және Қазақстан Республикасында қабылданған биомедициналық зерттеулер стандарттарын және оларды жүргізуге қойылатын талаптарды, биоэтикалық нормаларды сақтай отырып жүргізеді.

 

226-бап. Ғылыми қызметті басқару

1. Уәкілетті орган биомедициналық зерттеулерді дамытуды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган:

1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларына;

2) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелеріне;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстарға;

4) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланып отырған ғылыми-медициналық әзірлемелерге ғылыми-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастырады.

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

227-бап. Биомедициналық зерттеулер

2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Биомедициналық зерттеулер тірі адамдарға және эксперименттік (зертханалық) жануарларға (зерттеу субъектілеріне), тірі және қайтыс болған адамның және жануардың биологиялық үлгілеріне, сондай-ақ клиникалық-эпидемиологиялық деректер мен өзге де медициналық ақпаратты пайдалану негізінде жүргізілуі мүмкін.

Биомедициналық зерттеулер іргелі және қолданбалы биомедициналық зерттеулерді қамтиды. Қолданбалы биомедициналық зерттеулер медициналық-биологиялық эксперименттерді, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді, клиникалық зерттеулер мен қоғамдық денсаулық саласындағы зерттеулерді қамтиды.

2. Биомедициналық зерттеулердің мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасауға және адамды клондауға тыйым салынады.

3. Адам эмбриондарына немесе адамның шаранасына жүргізілу кезінде немесе одан кейін адам эмбрионы немесе адамның ұрығы бұзылатын биомедициналық зерттеулерге тыйым салынады.

4. Клиникалық зерттеулер медициналық-биологиялық эксперименттердің, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулердің оң нәтижелері алынған жағдайда жүргізіледі.

5. Қолданбалы биомедициналық зерттеулер мынадай талаптар бір мезгілде сақталған: