Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығы
(2024.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2022.27.01. № 28 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.