«Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 Қаулысы (2025.25.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 Қаулысы

(2025.25.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз

 

«Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.28.02. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.12. № 120 Қаулысымен (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.23.06. № 32 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес берешекті сотқа дейін өндіріп алу және талап ету құқығын басқаға беру шарттарының саны туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны;

4) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.23.06. № 32 Қаулысымен алып тасталды (2025 ж. 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңына қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.