5) заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
6) жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы электрондық қызметтер көрсетеді.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;
2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету нысандарында;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:
1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттарына және мерзіміне беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
Қоса қаржыландыру инвестициялардың болжанатын мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша көзделуі мүмкін, бұл ретте қоса қаржыландыру мөлшері инвестициялардың болжанатын мөлшерінің отыз пайызынан аспайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың және (немесе) реконструкциялаудың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес айқындалатын құнынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Мемлекет кепілгерлігі бюджет заңнамасына жəне осы Заңға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде беріледі.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекет кепілгерлігін беру тəртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тəртіппен бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган жүргізеді.
Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық ақылға қонымды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін жəне (немесе) қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банкрот деп танылған не таратылған жағдайда орындалуға тиіс.
Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ведомствоаралық жобалау тобына, талқылауларға, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияға, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингіне қатысу.
29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құру жəне (немесе) пайдалану;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлікті және мүліктік құқықтарды беру;
5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу нысандарында;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығару (беру);
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;
4) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларын қаржыландыру;
6) сервистік қолдау, оның ішінде технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасын іске асыру шеңберінде өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектілерін құруға жəне (немесе) пайдалануға қатысу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Жекеше əріптесті айқындау
1. Жекеше əріптесті айқындау мынадай тəсілдермен жүзеге асырылады:
2. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс ашық немесе жабық болуы мүмкін.
Ашық конкурсқа қатысуға əлеуетті жекеше əріптестердің шектеусіз тобы жіберіледі.
Əлеуетті жекеше əріптестердің шектеулі тізбесі қатысуға жіберілетін жабық конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өткізілуі мүмкін.
3. Осы Заңда көзделген жағдайларда жəне тəртіппен жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс бір кезеңдік немесе екі кезеңдік рəсім пайдаланылып өткізілуі мүмкін.
4. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс аукцион нысанында өткізілуі мүмкін. Осы Заңда конкурсты реттеу бөлігінде көзделген ережелер, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тең дəрежеде аукционға қолданылады.
5. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларында:
1) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;
2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше əріптесті айқындаудың жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасудың өзгеше тəртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.
Осы тармаққа сəйкес жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары бойынша жекеше əріптесті айқындау үлгілік конкурстық құжаттама пайдаланыла отырып, тиісті саланың орталық атқарушы органы бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес жүзеге асырылады.
32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) болуға;
2) төлем қабілеттілігі болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс.
8) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда:
1) әлеуетті жекеше әріптес және оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс;
2) 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, осы Заңның ақпарат беру жөніндегі талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат бергені үшін жауаптылық әлеуетті жекеше әріптестің қатысушыларына да (акционерлеріне де) қолданылады.
2. Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленуі мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әлеуетті жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға растау құжаттарын табыс етеді, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында көзделеді.
5. Әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынатындай құжаттарды не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасы бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сай келуіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы талап қою береді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімдерді алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:
1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;
2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған болса;
3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген болса;
4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
1. Біліктілік іріктеу әлеуетті жекеше әріптестің белгіленген біліктілік талаптарына сай келуін айқындау мақсатында жүргізіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Біліктілік іріктеуді конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысушы деп танылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Жекеше әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) осы Заңның 31-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия құрады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына жібереді.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс жобада жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, тұрғызу немесе жаңа материалдық емес активті құру арқылы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жаңа объектісін құру көзделетін жағдайларда өткізіледі, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісін жаңғырту немесе реконструкциялау көзделетін жобаларда өткізілуі мүмкін. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларын қалыптастыруды біліктілік іріктеуден өткен əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) техникалық тапсырманы қалыптастыру;
2) екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабархатты жариялау;
3) конкурсты ұйымдастырушының əлеуетті жекеше əріптестерге техникалық тапсырманы беруі;
4) əлеуетті жекеше əріптестердің техникалық тапсырмаға сəйкес əзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауы жəне əлеуетті жекеше əріптестермен мемлекеттік-жекешелік əріптестік объектісінің техникалық-экономикалық жəне пайдалану сипаттамаларына жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарты жобасының талаптарына қатысты мəселелерді талқылау;
6) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;
7) конкурсты ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген əлеуетті жекеше əріптестерге жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Екі кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңінде мыналар жүзеге асырылады:
1) конкурстық өтінімдерді қарау;
2) конкурс жеңімпазын айқындау;
3) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Бір кезеңдік рəсімдер пайдаланылатын жекеше əріптесті айқындау жөніндегі конкурс Заңның осы бабының 4-тармағында көзделмеген жағдайларда өткізіледі жəне мынадай іс-шаралардың өткізілуін қамтиды:
1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын əзірлеуі жəне бекітуі;
2) конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат;
3) конкурстық өтінімдерді қарау жəне үздік конкурстық өтінімді айқындау;
4) конкурс (аукцион) жеңімпазын айқындау;
5) мемлекеттік-жекешелік əріптестік шартын жасасу.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасы
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және осы Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын ұсынады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) əзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері жəне қайта қолдану жобалары негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме не мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің орналасқан жері;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;