Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығы
(2015.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2015.09.12. № 636 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 15-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.