«Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 24 бұйрығы

 «Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 24 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға оқытудың оқу бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.