«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына 5-қосымша) (2019.10.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 44 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.10.07. № 499 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 276 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және

инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.10.07. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік).

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.