Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 «Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 14/168 шешімі
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 «Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4278 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 14/168 шешіміне қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2020 жылғы 28 тамыздағы
№ 37/446 шешіміне
1-қосымша
Маңғыстау облысында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы
тізбесі
| № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), мамандандырылған емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||