(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ...

2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/56-VI шешiмi

(2017.17.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3919 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017.09.02. № 12/73-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.17.04. № 15/85-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Түркістан қаласының 2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер - 30 703 071 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 2 269 293 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 27 391 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 72 439 мың теңге;

трансферттер түсiмі - 28 333 948 мың теңге;

2) шығындар - 31 030 098 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 19 878 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 27 228 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 350 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы - - 346 905 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 346 905 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі - 27 228 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 7 350 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.