Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 Қаулысы
(2023.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.01.07. № 536 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.01.07. № 536 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.01.07. № 536 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға бару қағидалары;
2) Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары;
3) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарға, халықаралық және өзге де ұйымдарға іссапарға бару қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.