«1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 627 Қаулысы

«1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 627 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 - 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлуі туралы;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мұнай-газ операцияларының шотын, оның ішінде осы қаулыға, ӨБТК-ге 6-қосымшаның шарттарына сәйкес бөлінген жұмсалған және қалдық қаражат мөлшері бөлігінде жүргізуді жүзеге асыру туралы;»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 6 тамыздағы

№ 627 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 28 наурыздағы

№ 256 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.