«1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 Қаулысы (2024.06.08. берілген өзгерістермен)

1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 Қаулысы

(2024.06.08. берілген өзгерістермен)

 

1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (бұдан әрі - ӨБТК) шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2023.14.08. № 671 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.06.08. № 627 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің:

1) жобалар бойынша мәміле жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамына сәйкес АҚШ долларымен қайта есептей отырып, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 - 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат шығындарды бөлуі туралы;

1-1) мұнай-газ операцияларының шотын, оның ішінде осы қаулыға, ӨБТК-ге 6-қосымшаның шарттарына сәйкес бөлінген жұмсалған және қалдық қаражат мөлшері бөлігінде жүргізуді жүзеге асыру туралы;

2) жоғарыда аталған шығындарды ӨБТК шарттарында көзделген өтелетін шығандарға жатқызу туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

ҚР Үкіметінің 2024.06.08. № 627 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 28 наурыздағы

№ 256 қаулысына

қосымша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.