(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕРГ...

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністері және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы

(2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.13.06. № 480 бұйрығымен (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу органдарын ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2023.13.06. № 480 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.