Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығы
(2020.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Диірмен-желдеткіштердің жұмыс қалақтары мен ұлу сауытының металы шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнаралы градирняларды жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдары шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Гидроэлектр станцияларындағы су ағынын есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы сорбенттердің шығыс нормаларын есептеу әдістемесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Күлді тасымалдау үшін аэронауалар мен пневмоаппараттарды жөндеуге арналған материалдар, қалқалар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларындағы жылу автоматикасы және өлшеу құралдарын күрделі жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер шығысының нормаларын есептеу әдістемесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жылу электр станцияларының өндірістік сарқынды ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосу және ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Газ-мазуттық қазандықтардың жану процесін реттеу жүйесін ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Шамадан тыс қысымды энергия блоктарының қазандықтарын пайдалану үшін химиялық тазарту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;