«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 Жарлығы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 желтоқсан

 

№ 390

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 390 Жарлығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы
ҮЛГІ ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының және құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) аттестаттаудан өткізудің ұйымдастырылуын айқындайды.

2. Қызметкерлерді аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) - олардың кәсіптік даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.