Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы
(2024.09.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2023.11.04. № 194 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2023.11.04. № 194 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.