2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын уәкілетті орган бекітеді.
27-баптың 7-тармағы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді және ол басқару қызметін жүзеге асыруға қарамастан қолданылады.
27-баптың 8-тармағы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысы әрбір бес жыл сайын расталуға жатады.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын растауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
10. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ
28-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған шаралар кешені денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру деп танылады.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;
3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында көзделеді.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көзделеді.
29-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы актілерге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.
2. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымдарды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссия құрады, оның құрамына медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
Апелляциялық комиссиялардың регламенттерін, ережелері мен құрамдарын тиісінше медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдар айқындайды.
4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдардың тексеру нәтижелері туралы актісіне және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасына шағымды апелляциялық комиссия шағым жасалатын мәселелер шегінде қарайды.
5. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Апелляциялық комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына шығарылады. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша басшы тексеру нәтижелері туралы актіні, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындысын және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабына сәйкес жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Апелляциялық комиссия жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актілерге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға шағымдарды қарау нәтижелеріне қорыту жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды.
8. Жоғары тұрған орган шағымды қанағаттандырмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіге және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ құпия ақпарат тиісінше медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдар бекітетін қағидаларға сәйкес, тексеру нәтижелері туралы актіге және заңдылықты бұзушылықтар жою туралы нұсқамаға шағымды қарау кезінде шағымды берген адамның жазбаша рұқсаты алынбастан, апелляциялық комиссиялардың мүшелеріне беріледі.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1-параграфының тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-параграф. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарының алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсететін жеке және заңды тұлғалар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) үш топқа бөлінеді:
3) тəуекелі төмен.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тəуекелі жоғары, орташа жəне төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру жəне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау жəне тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Кодекске сəйкес жүзеге асырылады.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
5. 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеуі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жеке тұлғаның жолданымы бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға негіз болып табылады.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 31-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік медициналық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның мамандары медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.
2. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік медициналық инспектор төмен тұрған лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы (шағымы) бойынша шешім шығарылғанға дейін олар қабылдайтын актілердің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оларды кері қайтарып алуға құқылы.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 32-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі лауазымды адамдардың құқықтары
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, мыналарға:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды жəне (немесе) бейінді мамандарды тартуға;
2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында бақылау мен қадағалау жүргізуге қажетті құжаттардың көшірмелерін жасауға және денсаулық сақтау субъектісінің медициналық ақпараттық жүйесінен тиісті деректерді (электрондық денсаулық паспорттары, электрондық карталар және оларға енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі есептер) алуға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды жəне (немесе) бейінді мамандарды тарта отырып, комиссия құруға бастамашылық жасауға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға құқығы бар.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Профилактикалық бақылау, тексеру және тергеп-тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға профилактикалық бақылаудың, тексерудің немесе тергеп-тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштермен жүгінуге тыйым салынады.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер шығарады:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру жəне (немесе) тергеп-тексеру нəтижелері туралы акт;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама;
3) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың:
осы Кодекстің 19-бабында жəне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;
төмен тұрған лауазымды адамдар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұру немесе күшін жою не оларды кері қайтарып алу туралы қаулылары;
4) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың:
рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, əрекеттерді) тоқтата тұру;
денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары;
5) бас мемлекеттік медициналық инспектордың заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы жеке ұсынуы.
4. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік медициналық инспекторы және (немесе) оның орынбасары тексеру нәтижесі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама шығаруға құқылы.
33-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 34-баптың тақырыбы жəне мəтіні өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды дербес өзі жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;
2) оның өкіліне және (немесе) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) лауазымды адамына қол қойғызып табыс етіледі;
3) «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы болып танылады.
7. Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау үшін іріктеп алуға негіз болып табылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнайы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленген, тігілген және медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
34-1-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 31-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексеруді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүргізу тəртібіне сəйкес жүргізеді.
3. Арнаулы ғылыми білімі мен дағдылары бар тəуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандар, басқа мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары дəлелдемелерді жинауға, зерттеуге жəне бағалауға жəрдем көрсету үшін тергеп-тексеруді жүргізуге тартылуы мүмкін.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) тергеп-тексеру жағдайына қатысты құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды жəне (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша түрде жəне электрондық нысанда ұсынуды, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруді;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың немесе комиссия мүшелерінің тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (əкімшілік ғимараттарға, құрылысқа, құрылысжайға, үй-жайға жəне басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Осы Кодекстің 34-2-бабының 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында жəне оның нəтижелері бойынша осы Кодекске сəйкес жедел ден қою шаралары қолданылады.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
6. Тергеп-тексеру нəтижелері бойынша тергеп-тексерудің нəтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексерудің нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауға тиіс.