ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.02.08. № 611 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидасы
қағидалары
(2023.17.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 2-тармағының 34-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Теміржол көлігімен Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзит қатынаста жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021.22.07. № 383 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
1) арнайы поезд - рейске заңды немесе жеке тұлғалардың өтінімі бойынша поездардың қозғалыс кестесіндегі арнайы немесе бір жолғы кесте бойынша тағайындалатын поезд;
2) арнайы вагон - рейске тұрақты қатынастағы поезды қалыптастырудың белгіленген схемасынан тыс немесе жеке немесе заңды тұлғаның тапсырысы бойынша тұрақты қатынастағы вагонның орнына тағайындалған вагон;
3) аялдама пункті - жолаушылар поезының аялдауы жүзеге асырылатын, тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған пункт;