«Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 3 шілдедегі № 460 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2026 жылғы 3 шілдедегі
№ 460 бұйрығына қосымша
Астананың бюджеті, облыстық
бюджет, республикалық маңызы
бар қаланың бюджеті бойынша